ЖАРТЫ ЖЫЛДА 3709 ГЕКТАРҒА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 187 адамға берілді. Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 72 рейд ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 5 жағдайы анықталды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.
Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндіруші қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін биылға 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна, бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды.
Орман өртін болдырмау мақсатында жаңадан 185 шақырымдық минералдық жолақтар және 1710 шақырымдық ескі минералдық жолақтар қалпына келтірілді.