КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР
Қала әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгінде облыс орталығында коммуналдық қарыздарды өтеуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлап отыр.
Шаһардың орталық бөлігінен бастау алған шара «Ақмешіт», «Мерей» шағын ауданы тұрғындары арасында да жалғасты. Қалалық тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылығы, ішкі саясат бөлімдері мамандарынан жасақталған топ осы аудандардағы қарызы қордаланған №14, 15 үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында ауыз суға қарыз 4 пәтер, жылуға қарыз бір пәтер иелері берешектерін өтеді. Ал 85333 теңге қарызы бар пәтердің ОБК құрылғысы мен кәріз су жүйесі бекітілді.
Қазір қала бойынша тұрғындардың жылуға қарызы 465 518 00 теңге болып отыр. Бүгінде 5948 абоненттен қарыз өндіру бойынша іс сотқа жолданды. Олардың арасында 748 тұтынушыдан 33897000 теңге өндірілді.