ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ ТҰРАҚТЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Бүгінде облыс аумағында 24 бірлескен кәсіпорын бар. Онда жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың саны 6719 адамды құрап отыр.
Осы жылдың басқармаға «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетулер аясында заңды тұлғалардан түскен өтінішке орай 99 бірлік рұқсат берілген. Мемлекетке 42,5 млн теңге көлемінде салық алымы төленген.
Басқарма мәліметі бойынша қазір облыс аумағында рұқсатпен 209 шетел азаматы жұмыс атқарып келеді.