АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН ТУРНИР ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында зейнеткерлер арасында дойбы ойынынан турнир ұйымдастырылды.
Спортты насихаттау арқылы жастарға үлгі көрсетуге үндеген турнирде ардагерлер дойбы ойынынан ой жүйріктігін сынады. Жарыстың ашылуында аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Мадинов қарттарымызға қолдау мен құрмет азаймайтынын атап өтті.
–Дойбы ойыны адамның ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар, бұл осы ойын түрін насихаттап, жастарға үлгі болудың бір жолы, – деді тыл ардагері Жалғас Жантікеев.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орыннан көрінген қарияларға жүлделер табысталды.