ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖЕТІ МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Басқарма мәліметінше биыл 9500 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, алты айда 7017 жаңа жұмыс орны (6169 тұрақты жұмыс орны) ашылды.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 15799 адам хабарласқан, соның ішінен 7315 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 46,3%) жұмысқа орналастырылды.
Жарты жыл ішінде облыста 63 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 682 жұмыс беруші 2687 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге 4048 жұмыс іздеуші қатысып, оның 4200-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.