ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР МИНИСТРІ Г.ХЭНДС: «ЭКСПО-2017 - АСТАНАНЫ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТТІ»
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның сауда және инвестициялар министрі, Парламент мүшесі Грег Хэндспен, сондай-ақ Ұлыбританияның ЭКСПО-2017-дағы ұлттық секциясының комиссары Чарльз Хендримен кездесті. Тараптар жаңартылатын энергетика мәселелерін, елдер арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ британ павильонының мазмұны мен оған келушілер санын талқылады.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның көрмесі мен павильонына қазақстандық және шетелдік қонақтардың қызығушылық танытып жатқандығы жайлы айтты.
«Біздің көрмеге бүгінге дейін 1 200 000 адам келді. Бастапқыда біз көрме кезінде екі миллион адам келеді деп жоспарлаған едік, алайда бұл көрсеткішке біз жақын арады жетеміз және тіпті одан асып түсеміз деп ойлаймын» деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Ұлыбританияның павильонына қазіргі сәтте 1 500 000 келушілер тіркеліп отыр және көрме аяқталғанша екі миллион адам келеді деп күтілуде.
«Мен Қазақстанда 2002 жылы болған едім және елорданың көшірілуіне қатысты менде күмәннің болғаны есімде. Енді Астана – Қазақстан картасындағы басты нүкте. ЭКСПО Астанаға әлем картасынан да ойып тұрып орын берді», - деді Грэг Хэндс.
Қазіргі кезде Ұлыбритания баламалы энергетика саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатындығында күмән жоқ. Елде күннің, желдің және толқын энергиясы белсенді түрде пайдаланылуда.