РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік қызметі аясында ақпараттық-насихаттық топ Қазалы ауданында болды.
Еркін форматта өткен шарада дөңгелек үстел басына жиналғандарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтпай «Ел ертеңінің бастауы – рухани жаңғыру», аталған университеттің қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Әпенов, «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух», саяси ғылымдар кандидаты, доцент Ербол Әбенов «Туған жер» – отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолы» тақырыбында баяндама жасап, көпшілікке жатық тілмен дәлелдер келтіре отырып, мақаланы тереңінен талқылады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттер иен тапсырмалар айтылды. Ұлттық сананың жаңғыруы, ұлттық код, латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлері ескерілетінін жеткізді.