ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Зайырлы ұстаным: деструктивтік ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Кент және ауылдық округ әкімдері қатысқан семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев жүргізіп отырды.
Семинарда «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі директорының орынбасары М.Мұсаев «Дін саласындағы заңнаманың бұзылуы кезіндегі жауапкерлік шаралары» тақырыбында хабарлама жасады. Ал топ мүшесі, «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев зайырлы мемлекеттегі діни наным-сенім бостандығының кепілдігі турасында кеңінен тоқталып өтті. «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі А.Байқабылов деструктивтік діни ұйымдардың негізгі ұстанымдары мен белгілерін ашып айтты.
Жиын соңы қатысушылардың сұрақ-жауап, ұсыныс-пікірлеріне ұласып, қатысушыларға діни парақшалар, нұсқаулықтар, үнпарақтар таратылды.