БІР АЛТЫН, БІР ҚОЛА
Астанада самбодан ҚР Президентінің жүлдесі үшін әлем кубогында әскери самбодан сынға түскен байқоңырлық балуандар жақсы нәтиже көрсетті.
Жиырма бір мемлекеттен 100-ден астам балуан қатысқан жарыста 57 келі салмақта күрескен Наурызбек Дәулетбаев бірінші тұғырдан көрінді. Ал 62 келіде күрескен Дархан Сержановтың еншісінде қола медаль. Екеуі де осыған дейін республика мен Азияда сынға түсіп, топ жарып жүрген спортшылар.
Қазір қос балуан қыркүйек айында Ашхабат қаласында өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр.