ҚАНДАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша осы жылдың алғашқы алты айында облысқа 7 оралман отбасы көшіп келген.
Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы мамандарының дерегінше олардың алтауы Өзбекстан Республикасынан болса, біреуі Қытайдан қоныс аударған.
Атамекенге оралғандардың 14-і Қызылорда қаласына тұрақтаса, 1 адам Жаңақорған ауданына тіркелген.
Осы қандастардың қатарынан екі адам жұмыспен қамту орталықтарына тіркеліп, көп ұзамай жұмыспен қамтылды.