МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘРТІБІНІҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ БЕКІТІЛДІ
Кәсіби білікті мамандар – қуатты мемлекет кепілі. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сатылы мансаптық өсім қағидаларына негізделген кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Білімді әрі ұлтжанды мемлекеттік қызметші елдің мүддесіне еңбек еткенде ғана бұл реформаны сәтті жүзеге асады.
Осы ретте Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері сенім үдесінен шығып, білікті маман болып қалыптасуға бар күш-жігерін салып келеді. Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметкерлер тәртібінің жаңа этикалық кодексі бекітілді. Сондай-ақ іс басындағы жас мамандар тобын кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне де өзгерістер енгізілді.
– Мемлекеттік қызметші қызметке келген кезде 3 айлық сынақ мерзімімен қоса қасына оны тәрбиелейтін, оған белгілі бір жұмыстың бағыт-бағдарын түсіндіретін тәлімгерді қосып, бекітіп беріп жатырмыз. Демек бұл бағыттағы біздің бірінші қоятын талабымыз ол мемлекеттік қызметші бәсекеге қабілетті бола білуі керек, - деп атап өтті ҚР МҚІСЖҚА облыстық департаментінің басшысы Абзал Мұхимов.