ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Облыс бойынша биыл көктемде өткен «Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы аясында 4328 адамға 20,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру басқармасы хабарлады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сыр мейірімі» қоғамдық қоры арқылы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі 20 балаға «Арай санрайз» тынығу лагеріне жолдама берілген. Сонымен қатар, аз қамтылған 25 отбасына азық-түлік түрінен көмек көрсетіліпті.
Сондай-ақ, басқарманың ұйымдастыруымен «Арал-Мұнай» компаниясы демушілігімен аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан 20 бала жазғы демалыс орнында тынығып қайтуға жолдама алды. Балалар Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» 28 маусымы мен 7 шілде аралығында демалып қайтты.