МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРДАН ЖАСТАР ДА ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Сонымен қатар, облыс аумағында жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар үшін ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылыққа оқыту курстары жүргізілуде. Оған 174 жас қатысуда.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) сарапшыларының қолдауымен «Жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы» аясында жыл басында орталық мамандарының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде орталық мамандары жастармен жұмыстың жаңа тәсілін қалыптастыруда.
Облыстық орталықтың ғимаратында жастарға арналған COWORKING, IT-CENTER, психологиялық, видео ойындар бөлмелері және түрлі спорттық секциялар жұмысын бастайды.
Осы жылы жастар саясаты саласындағы республикалық оқиғалар кестесіне және облыстық қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 12 шара енгізілген.