АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ДА КӨШБАСШЫ ҚАЖЕТ
Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі мен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдері «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында Шәкен ауылдық округінің белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында ауыл жастарының мәселесі ашық айтылды. Олардың ғылым-білім жаңалықтарына салғырттығы да сөз болды.
Ауыл жастары да өзекті проблемаларды жасырмады. Мысалы, елдімекендердегі спорт нұсқаушылары көп ретте футбол ойындарын ұйымдастырумен ғана шектеліп қалады. Жалпы жастар бас қосатын спорттық шаралар аз өтеді.
Жүздесуде ауыл жастарының қалауымен әр елдімекенде көшбасшы сайлау мәселесі де талқыланды. Кездесуден соң «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлесті мүшелері ауылдық округке қарасты Әл-Мұхаммед ата атындағы мешіт жұмысымен де танысып қайтты.