ҚЫЗЫЛОРДАДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙДЫ
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Біз облыстың денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін қамтитын «2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы» бекітіп, тиісті қаражаттарын бөлдік. Ана мен бала денсаулығын нығайту, олардың өлім көрсеткіштерінің нақты себептеріне талдаулар жасап, жоспарлы жұмыстарды қоя білдік. Яғни, санитарлық авиация бригадаларын, аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерін гинеколог, анестезиолог, неонатолог мамандарымен толықтыруға күш салып, жаңа туылған нәрестелерге көмек көрсететін 14 неонатолог маманды қайта оқыттық. Түрлі критикалық жағдайларға байланысты, республикалық ғылыми орталықтар мамандарымен байланыс орнататын жедел желі іске қосылды», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, соңғы үш жылда ана өлімінің көрсеткіші 32,9 пайызға, сәби өлімінің көрсеткіші 19,6 пайызға төмендеді.