СУ АЙДЫНЫ АБАЙСЫЗДЫҚТЫ КЕШПЕЙДІ
Құтқарушылар үшін жаз қарбаласқа толы кезең. Олар бұл мезгілде облыс аумағындағы су айдындарын тұрақты бақылап, демалушылардың тек белгіленген аймақтарда суға түсін қадағалайды. Әрине, бұл құтқарушылардың басты міндеті. Әйтсе де, көпшілігіміз су құрбанына айналмаудың басты амалы өз қолымызда екеендігін ұмытып кете береміз. «Суға түсушілер ортақ ереже талаптарына бағынса, қайғылы жағдайлар қатары да азая түсер еді» дейді құтқарушылар.
Бұл туралы Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов және Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Ақмарал Сермағанбетованың қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Бақыт Ембергенов қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Облыс су айдындарында 2017 жылдың басынан бері 15 адам, оның ішінде 4 бала, 1 кәмелетке толмаған жасөспірім суға батып кетті. Барлық оқиғада адамдар су айдындарының жабдықталмаған орындарында суға шомылған және балалар ата-аналарының қарауынсыз болған. Сондықтан Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы ТЖД мамандары және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін облыс су айдындарында күн сайын рейдтер мен патруль жүргізеді.
Құтқарушылар табиғат аясында отбасылық демалыс өткізгенде балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған дұрыс. Үлкендер үшін де талап бар: ол ешқашан қараңғы уақытта және масайған күйде суға түспеу.
Брифингте су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша, бірқатар ұсынымдар мен БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берілді.