ҚОСТАНАЙҒА ҚОНЫС АУДАРАМ ДЕСЕҢІЗ...
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып отыр. Осыған орай халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырыла бастады.
Осыған орай Қостанай облысынан келген делегация өкілдері қызылордалықтарды өз өңірлеріне жұмысқа шақырады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысының «Жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ертең, яғни, 21 шілде күні сағат 15-00-де №3 мектеп-гимназияның бірінші қабатында осы облыстан келген өкілдер үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Бұл бағдарлама өзге өңірге қоныс аударып, жұмыс істеймен деген азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік.