ҰЖЫМ – БІРТҰТАС КОМАНДА
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты "Ұжым-біртұтас команда!" тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды.
Ұжым арасында ауызбіршілік пен қызметкерлер арасындағы тиімді қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген іс-шарада бас құтқарушы -психолог Жанар Бегманова жеке құрамды тренинг жаттығулары талаптарымен таныстырып, ортақ ережені ескеру қажеттігін екертті.
Тренинг жасақ қызметкерлердің сергіту жаттығуларымен басталды.
Осыдан кейін шара ұжымның беріктігін қалыптастыруға арналған "Шырмауық", "Өткел", "Құбыр", "Сезім сыры" жаттығулармен жалғасты.
Шара қорытындысында қатысушылар жаттығудан алған әсерлері жайлы айтты.