ЖАҢА ТАЛАПТАР ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облыстық әділет департаменті қала, аудан басқармалары басшыларының қатысуымен «ҚР Бас прокурорының 26.01.2016жылғы №13-ші «Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын түсіндіруге арналған семинар өткізді.
Күн тәртібі бойынша зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы С.Бекхожа хабарлама жасады.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, семинарда тексеру жүргізуді ұйымдастыру, «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) жүйесіне тексеру актілері мен тексеру нәтижелерін электрондық түрде енгізу мәселелері кеңінен сөз болды.
Семинарға қатысушылар мәселеге қатысты сауалдар қойып, жаңа бұйрық талаптары жайлы пікірлерін айтты.