АРАЛ ТЕҢIЗIНIҢ СОЛТҮСТIК БӨЛIГI КӨП ҰЗАМАЙ БҰРЫНҒЫ АРНАСЫНА ОРАЛАДЫ
Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi көп ұзамай бұрынғы арнасына оралады. Бұл туралы бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев мәлiм еттi.
"Аралға келетiн болсақ, оның жетiстiктерiн екi сөзбен айтып тауысу қиын. Адамзат тарихында өлуге шақ қалған теңiздi құтқарып алу оқиғалары жоқ шығар. Бұл бiздiң Президенттiң арқасында мүмкiн болды. Бiз, қызылордалықтар Нұрсұлтан Әбiшұлына ризашылығымызды бiлдiремiз, тәуелсiздiгiмiздiң қиын кезеңдерiне қарамастан, бiзде жалақы, зейнетақы, стипендиялар берiлмей жатқан тұста, Президент Дүниежүзiлiк банкпен келiсiм жасасып, Аралдың солтүстiк бөлiгiн құтқару бойынша жобаны бастап беруге мүмкiндiк бердi. Қазiр мiне жобаның екiншi кезеңi iске асуда. Үкiмет Дүниежүзiлiк банкпен тағы келiсiм жасасты. Менiң ойымша, жылдың соңына дейiн жоба мақұлдануы тиiс және Үкiмет оны ратификациялайды. Онда келесi жылы солтүстiк Арал жобасының екiншi кезеңi қолға алынады", - дедi ол.
Облыс басшысының сөзiне қарағанда, Аралдың солтүстiк бөлiгi суға толып келедi және жақында бұрынғы деңгейiне жетедi деп күтiлуде.
"Теңiз 74 шақырымға шегiнген болатын, жақында ғана мен үстiнен ұшып өттiм және GPS бойынша теңiз өзiнiң бұрынғы қалпына жету үшiн небәрi 17 шақырым ғана қалыпты. Балқаш пен Қапшағай көлдерiне кетiп қалған Арал балықшыларының барлығы қайтып оралды. Арал маңында 8 балық өңдеу зауыты ашылды. Қазiр балық аулау көлемi 6 мың тоннаға жетiптi. Бiзде балықтың тек 1 түрi қалған болатын, бүгiнде 27 балық түрi бар. Теңiз суының тұздылығы 21 грамм болған, қазiр бiр литр суда 17 грамм тұз бар. Бiз Иордания мен Израильдiң түйiскен жерiнде орналасан Өлi теңiз сияқты теңiзiмiздi жойып алар едiк. Көршілес жатқан мемлекеттер бұл жобаға атсалыспай келедi, ақша бөлмеуде. Аралдың шығысы НАСА мамандарының айтуынша, толығымен суалып бiттi.
Фильтромелиорациямен айналысып, 56 мың гектар жерге сексеуiл отырғыздық, қазiр ол жерден шаң көтерiлмейдi. Әлем қауымдастығы Қазақстан мен оның Көшбасшысының табиғатқа қосқан үлесiн бағалай алады ма, оны уақыт көрсетедi", - деп атап өттi Қ. Көшербаев.