ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 20 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы