АКЦИЯ БОЙЫНША ЕКІНШІ ҰТЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет те, жүлде ұтып ал» акциясының екінші ұтысы өткізілді.
«WIPON» талдау орталығының кездейсоқ таңдау әдісімен ойналатын бағдарламасы маусым айының ойыншылары арасынан жеңімпаздарды анықтады. Олар №3918876 чек иесі Гүлмира Ермахан, №3938353 чекті жолдаған Нұртуған Әбітаев және №4086006 чек иесі З.Мырзиева болды. Жеңімпаздарға департамент басшысының Құрмет грамотасы мен сыйлықтар табыс етілді.
Көлеңкелі экономикаға қарсы құралдардың бірі - «WIPON» электронды қосымшасы арқылы электронды форматта жүретін бұл науқан республикада үшінші жыл өткізілуде. Мамыр айында жарияланып, жылдың соңына дейін ойналатын, барша жұртшылыққа арналған жобаның бастамашысы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті. Бұл науқанды, сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белсенді қолдап отыр.
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы.