ГАЗ БАҒАСЫН ЖАРИЯ ТЫҢДАУДА ТАЛҚЫЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде осы жылдың 20 шілдесінде сағат 15:00-де «КазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының тауарлық газдың бөлшек саудада сату қызметіне баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтеді.
Оған депутаттар, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және тұтынушылар шақырылады. Департамент өкілдерінің айтуынша өзекті мәселені талқылайтын жария тыңдауға барлығының қатысқаны маңызды.
Осыған байланысты туындаған сауалдар мен мәселелер болса 262367, 277974, 263798 байланыс телефондарына хабарласуға болады.