ЖАҢА ТАРИФТІ БЕКІТУ ҰСЫНЫСЫН ҚАРАУДАН БАС ТАРТТЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге ұсынылған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартты.
«Оған субъектінің құжаттарды толық ұсынбауы, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайтылған мемлекеттік реттеу қағидасының 4 және 6 тармақтары талаптарының сақталмауы болып отыр» делінген осыған байланысты таратылған хабарламада.