БЫЛТЫР ҚҰЛАҒАН ПРОТОН ҮШІН РЕСЕЙ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУГЕ ДАЙЫН – Қ.КӨШЕРБАЕВ
2013 жылы Қазақстанда құлаған «Протон-М» зымыран тасымалдағышы үшін Ресей тарапы өтемақы төлеуге дайын. Бұл мәселенің анық-қанығы қараша айында Байқоңырда өтетін Үкіметаралық отырыс барысында белгілі болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мен облыс әкімімін, Байқоңырда ракета құлап жатса, халыққа зардабы тиіп жатса, менің құзырымда емес деп мен қалай немқұрайлы қараймын? Протон құлады, ең бірінші соның жанына барған мен және журналистер. Бұл жерде шығын құнын біздің мамандар 13,9 млрд теңге деп есептеп берген. Бірақ, есептеу медотикасы дұрыс көрсетілмеген екен. Себебі, біздің мамандар бір медотикамен есептесе, Ресей мамандары басқа методикамен есептейді. Сондықтан, зиянды есептеу әдісін келісу үшін қараша айының соңында Байқоңырда Үкіметаралық мәжіліс өтеді. Сол отырыста экология мәселелері бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылады. Сол келісім мен отырыс аясында осы мәселе шешіледі. Біз келіссөздер аяқталып, сол Байқоңырда болған жағдайлардың бәріне Қазақстан Республикасының экология мәселесіндегі заңдылықтары толыққанды жүретін болады»,-дейді әкім.
«Екіншіден, шығынды есетеу әдісін келісетін боламыз. Бізге келген зиянды мамандарымыз 13,9 млрд теңге деп есептеп бергенін айттым. Ресей тарапы шығынды төлеуге дайынбыз, бірақ, әдісті келісейік деді. Сол әдісті қараша айында Үкіметаралық келісім шешеді деп ойлаймын»,-деп түсіндірді Қырырмбек Көшербаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 2 маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыран тасымалдағышы бір минуттан кейін жерге қайтып құлаған болатын.