КОМПАНИЯ 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫПТЫ
Қызылорда қаласының №2 соты төрт жыл бойы салық төлеуден жалтарып келген «Сибу Қызылорда Қазақстан-Қытай инженерлік бұрғылау компаниясына» қатысты істі қарады.
Бұл іске байланысты үш қазақстандық және екі Қытай азаматына 2011-2014 жылдары аралығында 1,3 млрд теңге салық төлемегені үшін айып тағылған болатын.
ҚР ҚК-нің 245 бабына сәйкес қарызды толық өтеген компания өкілдерін сот қылмыстық жауапкершіліктен босатты.