МҮГЕДЕКТЕР МӘСЕЛЕСІНЕ БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ

Осы алты ай ішінде 839 жалғызбасты қарт мен мүгедекке, 1339 мүмкіндігі шектеулі балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Осы уақыт аралығында 6022 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдан ауысқан 8621 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.
Аймақтағы жұмыспен қамту орталықтары арқылы 282 мүгедек (105-і тұрақты) жұмысқа тұрды, 20 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Жастар тәжірибесіне 26 адам жіберіліп, 131 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.