САПАНЫ БАҚЫЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Марсбек Молдабаев БАҚ өкілдеріне саланың 6 айдағы жұмысының қорытындысын жария етті.
Басқармаға 2017 жылдың I-ші жартыжылдығында мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы 161 хабарлама түскен. Оның 85-і бюджет қаражаты есебінен, ал 76-сы жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар.
Осы уақыт аралығында басқарма облыс көлемінде 124 тексеру жүргізді. Тексерулер бойынша 48 нұсқама берілді.
–Алты айда басқарма салған әкімшілік айыппұлдың көлемі 13 704 760 теңге болды. Осы уақыт ішінде бізге эксперттік қызметпен айналысуға 254 өтініш түсті. Оның барлығы комиссия отырысында қаралып, 189-ы тестілеуге жіберілді, 107-і өтініш иесі тесттен өтіп аттестат алды, – деді М.Молдабаев