ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕГЕН КӨЛІКТЕР ҚАЛАІШІЛІК БАҒЫТТАН ШЫҒАРЫЛДЫ
Қала әкімінің тапсырмасымен облыс орталығында жолаушыларға қызмет көрсететін кіші және орта сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерге рейд жүргізілуде.
Облыс орталығындағы 758 кіші және орта сыйымдылықтағы қоғамдық көліктің жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруді көздеген рейдке қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов жетекшілік жасады. Арнайы топ қала тұрғындарымен, жүргізушілермен кездесіп, сервистік талаптарға байланысты түсіндірме жасады.
Бұл жолы 6, 16, 21, 12, 5-бағыттағы қоғамдық көліктер тексеріліп, олардың арасынан 6 қоғамдық көлік талапқа сай келмегендіктен қалаішілік бағыттан шығарылды. Оларға кемшілікті тез арада қалыпқа келтіру тапсырылды. Осы талаптар орындалғаннан кейін ғана көліктер бағытқа қайта қосылады.
Айта кету керек, осыған дейін 14 шілдеде ұйымдастырылған рейд барысында да 4 қоғамдық көлік өз бағытынан шығарылған болатын.