ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 7 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Жыл соңына дейін Қызылорда облысы жалпы құны 2,3 млрд теңге құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырып бітеді. Бұл туралы бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қызылорда облысында шағын, бірақ жоғары техникалық кәсіпорындар ашыла бастайды. Атап айтсақ, машина дөңгелектерін қайта өңдеп, резеңке ұнтағын және жерасты суару түтіктерін жасайтын, Қазақстанда баламасы жоқ инновациялық өнім – резеңке төсеніш бұйымдарын әзірлеп шығаратын «SmartRubber» кәсірорны жұмыс жасауда», - дейді аймақ басшысы. Қ.Көшербаевтың айтуынша, жыл соңына дейін аймақ жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырып бітеді.
«Сонымен қатар, Шиелі ауданында қиыршық тас шығаратын зауыт іске қосылды. Ас және техникалық тұз өндіретін «Арал тұз» АҚ өндірісін жаңғырту жобасы аяқталды. Әк өндіру зауытының алғашқы сынамалық өнімдерін шығару басталды. Жыл соңына дейін аймақта жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», - деп түсіндірді әкім.