ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІ ЖАСТАР
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Статистикалық есеп бойынша жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрап отыр.
2016 жылғы ІІІ тоқсанына аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100,5 мың адам (15-28 жас аралығындағы) болған. Оның 4 900 азаматы жұмыссыз болса, жұмыспен қамтылғандар саны 95 600.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%, NEET санатына жататын жастардың саны 12,9% құрады (экономикалық белсенді емес - 62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар - 47,8 мың адам, үй шаруашылығында - 2 278 адам, денсаулығына байланысты - 948 адам, басқа мәселелер бойынша – 11 497 адам).