ИТ СУҒА БАТҚАН БҰҒЫНЫҢ ҚОДЫҒАСЫН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ. ВИДЕО
Американың Нью-Йорк штатындағы Порт Джефферсон қаласының тұрғыны Марк Фэйли итінің бұғының қодығасын құтқарып алған сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды CBS.
Ол иті аяқ асты суға секірген сәтте ғана толқынға тұншығып қалған қодығаны байқағанын айтып отыр. Ретривер тұқымдас ит қодығаны судан сүйреп шығарып, жағаға жеткізеді.
Фэйли бірден құтқарушыларды шақырып, олар оны жануарлардың уақытша тұрағына алып кеткен.