ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ 10 БАҒЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІ
Биыл «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасы» әзірленді. Жол картасына 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізілген. Осы арқылы өңір жастары арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметіндегі брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев баяндады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу де басты назарда тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоспар аясында жастарға қылмыстың алдын алу шараларын насихаттау мақсатында өткізілген кездесулер барлық жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен аудандарда, 36 ауылдық округте өтіп, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесуде жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында NEET санатындағы жастардың модулі құрылуда. Модульдің негізгі мақсаты осы санаттағы жастар көрсеткішінің өсу динамикасын бақылау және оларға әсер етуші факторларды анықтау, сәйкесінше олармен нақты жұмыс жүргізу.