ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ САҚТАЛУДА
Жыл өткен сайын аймақтағы эпизоотиялық ахуал тұрақтанып келеді. Биыл осы бағыттағы шаралар аясында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906 мың доза ветеринариялық препараттар және осы іс-шараларды толық атқаруға 678 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мамандары хабарлады.
Бүгінгі таңда 4261,9 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізіліп, оның 3308,8 мың дозасы қолданылыпты.
Облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда нысаны бар. Олардың ветеринариялық сараптама зертханаларында жыл басынан 7966 сиыр, 873 жылқы, 8150 уақ мал ұшасы сараптамадан өткізілді. Сондай-ақ, осы алты айда облыс аумағындағы 4 мал базарында 8287 сиыр, 4787 жылқы, 6917 уақ мал, 9 түйе сатылған.