АЛПЫС БЕС АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шарада «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары ашық диалог аясында халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында пікір алмасты.
–Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 22 мекеме мен 88 адам қатысты, оның 65-і жаңа жұмыс орнына жолдама алды. Жалпы жыл басынан бері мұндай шара 12 мәрте өткізіліп, нәтижесінде 1245 адам тұрақты жұмысқа орналасты, - дейді қалалық жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Жүсіпова.