ИНДОНЕЗИЯЛЫҚТАР ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ЫНТАЛЫ

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша бұл сапарда Индонезия кәсіпкерлері мен аймақ іскерлері арасында байланыс орнату, екі жақты сауда-саттық және инвестициялық мүмкіндіктерін қарастыру, импорт және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланған.
–Өз кезегінде индонезиялық делегаттар қазан айында Бантенде өтетін Сауда көрмесіне шақырды, - дейді палата директоры.
Сондай-ақ Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Индонезия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен меморандумға отыру шарасын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылуда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Индонезия Республикасымен Индонезияда өтетін Сауда Көрмесіне қатысуға ниетті азаматтарды Палатаға хабарласуды сұрайды. Жауапты маман Жасұлан Серіков. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4316/.