БӨТЕЛКЕЛЕСІН ӨЛТІРІП, 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Адам өлімімен аяқталған оқиға биыл 7 сәуір күні болыпты. Осы күні түс ауа сотталушы үйіне келген қонағымен алкогольді ішімдік ішеді. Ащы су басқа тепкен екеудің арасында дау туып, үй иесі қонағын ұрып құлатып, екі мәрте пышақ сұғып алады. Алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болыпты.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.