АРДАГЕРЛЕР БАЛЫҚ АУЛАУДАН БАҚ СЫНАСТЫ

Жарысқа қатысушыларды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Ержанов ережемен таныстырды. Ереже қарапайым – кімнің аулаған балығы көп әрі салмағы ауыр болса, сол жеңімпаз.
Екі сағатқа созылған жарыста Ақсу ауылдық округінен келген Тынымбай Берлібеков аулаған балықтың саны мен салмағы басқалардан басым түсіп, І орынды жеңіп алса, ІІ орынға Таң ауылынан келген Атымтай Насиев ие болды. Ал үштікті кент ардагері Тоқтарбек Жамалов түйіндеді.
Шара соңында, табиғат аясындағы айрықша сайысты ұйымдастырған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Садық Әлиев жарыстың өтуіне атсалысқан мекемелерге алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.