МӘЖІЛІСМЕНДЕР АУДАНДА «НҰР ОТАН» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Мәжіліс депутаттарының Сырдария ауданына сапары «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдаудан басталды. Қабылдау барысында мал жайылымдық жер және ауылшаруашылығы саласының мәселелері көтерілді.
Мәжіліс депутаттарының партия активімен кездесуі Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттауға арналды.
–Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы - біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыты болып табылады. Жолдаудың басты мақсаты - әлемнің 30 ең дамыған озық елдерінің қатарына кіруді қамтамасыз ету. Бұл үшін бізде - адам әлеуеті, өңірлер мен салаларды дамытудың айқын бағдарламалары бар, - деді Абзал Ералиев.
Біздің еліміз 30 дамыған мемлекеттердің қатарына енуді мақсат етіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жолында жұмыс жасауда. Бұл үшін бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалудың маңызы зор. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да бізді осы ортақ міндетке ұйыстыра түседі.
– Мақала қоғамымызда жаппай талқылауға ие болады деген сенімдемін. Бұл мәселе бойынша өз ұстанымымды білдіре отырып, мен бұл қадам бізге жас ұрпақтың болашақта бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді халық қалаулысы Генадий Шиповских.
Депутаттар индустрияландыру, инфрақұрылымды,агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларының маңызды бағыттары туралы да атап өтті.
Партия активімен кездесуден кейін Мәжіліс депутаттары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінде орналасқан «Керуен» кешенінің жұмысымен танысты.