АБАТТАНДЫРУДЫҢ АУҚЫМЫ АРТТЫ
Қазір Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр, деп хабарлайды облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы басқармасының бастығы.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үйді жөндеуге 75,1 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты бүгінде тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №62 үйге жөнделіп жатыр.
Қызылорда қаласы мен елді-мекендерін, Арал ауданы орталығын, Қазалы ауданының елді мекендерін, Жалағаш ауданы Таң ауылын абаттандыруға, жарықтардыруға және көгалдандыру жұмыстарына – 768,701 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жасалып жатыр.
"Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепциясын құжаттамаларымен әзірлеуге 15, 897 млн. теңге бөлінді.