ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Облыс басшысы өз есебінде қытайлық әріптестер екінші кезекте күн батареясына, смартфондар мен планшеттерге арналған экспорттық әлеуеті зор ультра жіңішке шыны шығару зауытының құрылысын тездетіп бастай беру жөнінде мәселе қойып отырғанын да жеткізді.
–Шыны зауыты құрылысының мәселесі «қолмен басқарылуда» (ручное управление). Зауыттың құрылысын өз мерзімінде аяқтау үшін біз қажеттінің барлығын жасап жатырмыз, – деді облыс әкімі.