ӨҢДЕУ СЕКТОРЫНЫҢ ӨНІМІНДЕ ӨСІМ БАР
Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында аймақта негізгі секторларды техникалық қайта жарақтандыру, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, экспорттық өндірістің бәсекеге қабілетті дамуы жөнінде шаралар қолға алынуда.
Нәтижесінде, өңдеу секторындағы өндіріс көлемі жыл басынан 9,4%-ға өсті, өткен 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге (151,2%) артқан. Бұл кезеңде республика бойынша өсім қарқыны 8%-дан төмен көрсеткішті беріп отыр. Бұл ретте, шикізаттық емес сектордың жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өсті.
Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық мәслихаттың XIV сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
–Технологиялық дамудың маңызы да аз емес. Мәселен, испандық жаңа технологияны енгізудің арқасында бүгінгі таңда «Арал тұз» АҚ өнімін экспорттау 40 есе ұлғайды! Соңғы 2 жылда кәсіпорын Ресейдің ас тұзы нарығының 12%-ын иеленді.
Аймақтың дамуында маңызы зор басқа да жобаларды іске асыру бойынша да жұмыстар жалғасуда, – деді аймақ басшысы өз есебінде.
Ағымдағы жылы экспортқа бағыт¬талған 2 кәсіпорын – молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорын мен шыны зауытының іске қосылуы жоспарланып отыр.
Молибден зауытында технологиялық құралдардың бірінші желісінде сынама жұмыстары жүргізілуде. Өнімнің негізгі көлемін Жапонияға экспорттау жоспарланған.