ЖАРТЫ ЖЫЛДА 49 МЫҢ ЖОЛАУШЫ

Осы жылдың алты айында әуежай арқылы 48,9 мың жолаушы ұшқан. Әуежай қызметін пайдаланғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда біршама өсіп отырғаны байқалады.
Бүгінгі күні, әуежайда халықаралық бағыттағы әуе желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жасалуда.
«Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы» жобасының сметалық бағасы 7,5 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Ал жаңа әуежай терминалының құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу жоспарланып, осы бағытта жұмыстар жасалуда.