БЕЛКӨЛГЕ ГАЗ ЖЕТЕР КҮН АЛЫС ЕМЕС
Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқылы жүзеге асырылуда. Бұл туралы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлады.
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда-2 АГТС –нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Жосалы кентінде АГТС орнату, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде. Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Тереңөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Тереңөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 11,7 млрд.теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер жолданды.