«АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ» ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қоғамдық қабылдау» жобасын жүзеге асырады.
Қоғамдық қабылдаулар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің бұзушылықтарын болдырмау мақсатын көздейді.
Қоғамдық қабылдау аясында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексі салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, «құпия сатып алушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда (қосымша құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, қызмет көрсету сапасының төмендігі, мемлекеттік органдар және ұйымдар тарапынан дөрекі қарым-қатынас және т.б.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және әкімшілік кедергілердің болу нысанына қоғамдық зерттеулерді өткізеді. Мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізіп (мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жақын туыстардың бірлескен қызметі және олардың мемлекеттік сатып алуларға қатысу мәселелері бойынша азаматтар және ұйымдар ұсынған ақпаратты жалпылау), тауарлар, жұмыстар және мемлекеттік сатып алуға қатысты қоғамдық мониторинг жүргізеді.
Облыс тұрғындары қоғамдық қабылдауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне және мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына белсенді қатысып, өз үлесін қоса алады.
Сыргүл МОЛДРАЙЫМОВА,
«Азаматтық бақылау» жобасының жетекшісі