ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Осы жылғы 12-31 шілде аралығында қала бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның аясында тиісті орындар өкілдері бірнеше бағыт бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қала әкімі бекіткен жоспарға сәйкес коммуналдық төлемдерге қарыз тұрғындар арасында осындай шаралар жүргізу басталды.
Құрамына қала әкімінің орынбасарлары Ш.Байманов пен Н.Мақсұтов, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қызметі, қалалық ішкі саясат бөлім мамандары енген топ облыс орталығындағы Қорқыт ата көшесіндегі №7, №3А, Өсербаев көшесі 65 үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оның барысында кассалық аппарат арқылы төлемдер қабылданды.
Қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының мәліметінше зерделеу жұмыстары қордаланған қарызды қайтарудың тиімді жолы болып отыр.
