МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ҮШІНШІ МӘРТЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Астана қаласында каратэ-додан өткен 14-ші Азия чемпионатында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлде иеленді.
Әлемнің 28 мемлекетінен мыңнан аса спортшы қатысқан жарыста 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз үш кездесу өткізіп, финалда Иран спортшысын 5:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Мөлдір 2012,2013 жылдары қатарынан екі мәрте Азия чемпионы, үш мәрте күміс жүлдегері атанған болатын. Үш мәрте Азияда алға шыққан Мөлдірдің 2015 жылғы жастар және 2016 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы екендігін де айта кетейік.
Енді ол осы жылдың қазан айында Испанияның Тенериф қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыны жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев дайындады.