ТҰТЫНУШЫҒА – ТҰРАҚТЫ БАҒА

Қала әкімінің орынбасары Н.Мақсұтов бастаған топ «Мирас», «Сыбаға», "Сұлтан", "Анвар", "Ажар Сити" секілді сауда орындары мен әлеуметтік дүкендер сөресіндегі азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау жасады.
Бағадағы ауытқушылақтар мен анықталған кемшіліктер тез арада қалыпқа келтірілді. Азық-түлік өнімдерін негізсіз қымбаттатып отырған сауда орындарының иелеріне ескерту жасалды.
Қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының айтуынша базар бағасы апта сайын осылайша бақыланып тұрады. Басты мақсат – тұтынушы үшін тұрақты баға қалыптастыру.
