ҮЙІРМЕЛЕР ҚАТАРЫ АРТА ТҮСТІ

Бүгінде аймақта 16 оқушылар үйі жұмыс істеп тұр. Онда «Шебер қолдар», «Қылқалам», «Домбыра», «Пианино», «Тоқыма», «Бейнелеу өнері» «Жас техник» үйірмелері бар. 2016-2017 оқу жылында осы үйірмелерге қатысатын бала саны 13089-ға жетті.
Үйірмелер қатарын кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстар нәтижесінде Сырдария ауданы Шаған ауылындағы №37, Шіркейлі ауылындағы №129 орта мектептерінде қолөнер мен музыкалық бағыттағы үйірмелер ашылса, Шиелі ауданындағы №50 мектептің ескі ғимараты 8 спорт түрінен секциялар ашуға лайықталды.
Сонымен қатар, облыс көлемінде 5 өнер мектебі және 7 балалар музыка мектебі тұрақты жұмыс жасайды. Мұнда болашақта Сыр өнерінің өрісін кеңейтетін балғындар тәлім алып жатыр.