ЕРЕЖЕНІ ӘРКІМ ДЕ ЕСКЕРУІ ТИІС
Қала әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілердің жол ережелерін сақтауын бақылау мен жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында рейд ұйымдастырып, оған «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы өкілдері мен қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Шара барысында жол жүру ережесін бұзғандар анықталып, оларға тиісті шара көрілді. Құқық қорғаушылардың айтуынша шаһар көшелерінде автокөлік шеруін ұйымдастырушылардың ортақ ережеге бағынғысы келмейтін кездері көп кездеседі. Рейд барысында тәртіп бұзғандар қатарында қоғамдық және жеке көлік жүргізушілері де болды.
Рейдке қатысушылар оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ереженің бәріне ортақ екенін ескертті.